СҚО МЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТАРЫ АСТАНАДА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТКІЗЕДІ
Алдағы демалыс күндері қалалық әкімдік алдындағы алаңда дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі. Сенбі күні (25 қазанда) елорда тұрғындары мен қонақтарына Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының тауар өндірушілері келеді.
Өткен демалыста Батыс Қазақстан және Атырау облыстары елордадағы жәрмеңкеде өз өнідерін ұсынған.
Жәрмеңкеде Атырау облысынан өңірдің жеті ауданының кәсіпкерлері жалпы 130 тонна өнім әкелді, соның ішінде ет пен ет өнімдері, сүт өнімдері мен балық, көкөністер де бар. Астаналықтарға 52 тонна балық, 50 тонна көкөніс, 20,5 тонна ет және 3 тонна сүт өнімдері, 10 800 дана жұмыртқа ұсынылды.
Батыс Қазақстан облысынан жәрмеңкеге 12 аудан қатысып, 550 тоннаға жуық өнімін сатты, соның ішінде 14,7 тонна ет және ет өнімдері, 0,5 тонна сүт өнімдері, 490 тонна картоп пен көкөніс, 8 тонна балық өнімі (сазан, ақтабан, ақбалық). Сонымен қатар елордалықтарға батыс қазақстандық өндірушілерден сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер, өсімдік майы ұсынылды.
Биыл ауыл шаруашылық жәрмеңкелері 20 қыркүйекте басталып, 2 қарашаға дейін жалғасады. Әрбір өңір жәрмеңкеде өзін жақсы қырынан көрсетуге тырысады. Жәрмеңкені өткізудің басты мақсаты сауда емес, мерекелік көңіл-күй мен еліміздің түрлі өңірінде тұрып жатқан қазақстандықтарды біріктіру, дейді ұйымдастырушылар.