ІСКЕРЛІК КИІМНІҢ НЕГІЗГІ ҰСЫНЫМДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында іскерлік киімнің негізгі ұсынымдары туралы семинар сабағы өткізілді. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс.
Мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетіне ерекше талап қойылады. Іскерлік стиль – кертартпалық, қатаңдық және ұстамдылықпен ерекшеленеді. Іскерлік стильдің басты қағидалары:
-минималдылық;
- бөлінбеушілік шеберлігі;
- іскерлік ахуалдың кез келген жерінде үйлесімді көріне білуі – жұмыс уақытында офисте, конференц-залдағы байсалды келіссөздерде және т.б.
Киімге қойылатын негізгі талаптар – ұқыптылық, мұнтаздылық, жайлылық және сыртқы бейнеге шамданудың болмауы.
Киімдердің түстері классикалық стилге сәйкес келуі тиіс, тым ашық шұбар түстілер қолдануға болмайды. Киімге уш негізгі түстен көп түстерді бірдей қолдану ұсынылмайды.
Мемлекеттік қызметшілердің киімінде жұлынған немесе жартылай жұлынған түймелердің болмауына, қыртысталған костюм, ескірген жейде, дұрыс тағылмаған галстук, тазаланбаған аяқ киім, спорттық немесе пляждық стилдегі киім және аяқ киімдер, шолақ шалбарлар, ашық сарафандар, теннискалар, спорттық жемпірлер, кроссовкаларды киюге жол берілмейді.
Мемлекеттік қызметші – әйелдерге іш киімдері көрінетін ашық нымшалар, кең ойылған көйлек, қысқа белдемшелер, дене пішінін тартып тұратын шалбарлар кию ұсынылмайды. Іскерлік классикалық үлгідегі киімдерге қарапайым және шынайлыққа жақын макияждар сәйкес келеді, ол назар салмауы және көзге түспеуі тиіс.
Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімдері барынша аз аксесуарларды қалайтындығы және киімнің қатаңдатылған, ұқыпталған және барынша азайтылған әрлеуден тұратындығын айтылып, осы көрсетілген ұсынымдағы талаптар қатаң сақталуы керектігі айтылды.