ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНЕ ЕРЕКШЕ СЕРПІН
Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауы еліміздің дамуына тың серпін беретін жаңа бағыт болып отыр. Еліміздің алға қойған үлкен мақсаты – 2050 жылға қарай әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарында болу. Елбасы алдымызға Қазақстанды Үшінші жаңғырту міндетін қойды. Мемлекет басшысының өзі айтқандай, алғашқы екі жаңғырту елімізді аз ғана уақыттың ішінде әлемдегі дамыған елу елдің қатарына алып шықты. Әрине, ғасырлар бойы бодандықта болған, әлемдік қоғамдастыққа алғаш енген ел үшін бұл аз жетістік емес.
Мемлекет басшысы Қазақстанның үшінші жаңғыртуын жүзеге асыру үшін осы күрделі уақытта еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алатын экономикалық өсімнің жаңа үлгісін құру қажеттігін айтты. Аталған фактор жаңғырудың бес негізгі басымдықтарының іргетасы болып табылады. Ол экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруы, адами капиталдың сапасын жақсарту және институционалдық өзгерістер. Бұл бағыттар қазақстандық экономика қарқынының өсуін орташа әлемдік деңгейден жоғарылатып, Қазақстанның әлемдегі жетекші 30 елдің қатарына қарай ілгерілеуін қамтамасыз етуі тиіс.
Еліміз экономикасының өсуінің жаңа үлгісі бізді бұрыннан көтеріп келе жатқан шикізат, мұнай өндіруден емес жаңа, жоғары технологиялы салаларды дамытуға негізделгені – Елбасы Жолдауының ең басты ерекшелігі. Экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері де өзінің стратегиялық маңызын сақтап қалуы тиіс. Сонымен қатар, Елбасы жаңа нарықтарға шығып өнім жеткізу аумағын кеңейту және шикізатты кешенді түрде қайта өңдеуді тереңдету қажеттігі жөнінде айтты.
Жолдауда үшінші басымдық мемлекеттің экономикадағы үлесін ішкі жалпы өнімнің 15 пайызына дейін, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері деңгейіне дейін төмендету экономикалық өсімге тың серпін беретіндігі аталып өткен. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» холдингін сапалы түрде трансформациялау, «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерін қайта құру, еліміздің қаржы секторын жаңғырту мен қор нарығын одан әрі дамыту алға қойған негізгі міндеттердің бірі болып отыр.
Биылғы Жолдауда еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігіне баса назар аударылды. Расымен де қазіргі кезде дүниенің түкпір-түкпірінде бәсекелестік күшейіп отыр. Бәсекеге қабілетті болу дегеніміз – бизнестің қарапайым қағидасы, ережесі. Ол үшін, әрине, әуелі халыққа кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беріп, шағын бизнесті дамытуға жағдай жасауымыз керек. Бүгінгі таңда жер жүзінде IT технологиясы дамыған, ауыл шаруашылығы шалқыған елдер ғана алға шығып жатқаны белгілі. Егер мемлекет өз халқын жақсы өніммен қамтамасыз етіп, тағамдарын сапалы жасағысы келсе алдымен өз елінің ауыл шаруашылығын дамытудан бастау керек екендігін Президент қадап айтты.
Сонымен бірге, Елбасы шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және оларды қаржылық сауаттылыққа үйретуді тапсырып, Қазақстан азаматтарының өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алатындығын атап көрсетті.
Құжатта салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеуге байланысты да міндеттер қойылған. Қаражаттарды нақты экономикаға неғұрлым тиімді жеткізу үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдету, фискалдық орталықсыздандыру саясатын жалғастыру, жергілікті жерлерге функциялар мен өкілеттіктерді батыл беру керектігі айтылған.
Жолдаудың тағы бір атап айтар ерекшелігі, әлеуметтік қолдауға ерекше мән беру. Қарапайым тілмен айтқанда, бүгінгі уақытта кім еңбек етсе, кім кәсіппен айналысса, кім білім аламын десе барлық қолдау жасалатыны, мемлекет қамқорлығын әрбір азамат сезіне алатындығы Жолдауда айқын көрініс тапты.
Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі қоғамға ой саларлық мәселе болғандығы баршаңызға мәлім. Президент билігінде болған 40-қа тарта құзыреттің Парламент және Үкіметке берілуі олардың жауапкершілігін арттыруға жол ашады және сайлауда жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға ықпал ететін болады. Бұл бағыт мемлекетті басқарудың тиімділігін күшейтетін жүйе болатындығы даусыз. Аталған Үндеуді Қазақстан халқы қызу талқылап, өз ойларын білдіруде.
Президент Жолдауында қойылған міндеттерді орындау – әрбір қызметкердің, Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті парызы!
Әуезбек ДҮЙСЕНБАЕВ,
Қызылорда облысы бойынша
Қазынашылық департамент басшысы.