СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 11 ШАҒЫН АУДАН БОЙ КӨТЕРДІ
2016 жылы қаржыландырудың барлық көздерінің есебінен 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2015 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 17 пайызға артық деген сөз.
Мемлекеттік қаржыландырудың есебінен ғана 2016 жылы 36 көп қабатты үй пайдалануға беріліп, 1864 отбасы жаңа тұрғын үйге қол жеткізді. Өткен жылы Қызылорда қаласында барлығы 80 көп қабатты үй салынды. Ондағы 4000 пәтер 2015 жылдағыдан 2 есеге көп.
Биылғы жылы ауқымды жұмыстар жеке тұрғын үйлер құрылысына қажетті алаңдарды әзірлеуге де бет бұрып, өрістеуде. Бұл мақсатқа өткен жылы 17 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Бұдан басқа, көп жылдардан бері алғаш рет аудандарға да 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.
- Инженерлік - коммуникациялық инфрақұрымның құрылысын ауқымды түрде жүргізу тұрғын үй құрылысының жандануына әкеледі. Мәселен, былтыр облыс орталығында 980 га аумақты алып жатқан «Бәйтерек» жаңа шағын ауданы ашылды. Онда 6600 жеке жер телімдерінде 36 мыңнан астам халық тұратын болады. Бұл дегеніміз - толыққанды кішігірім қалашыққа айналады деген сөз!,- деді облыс әкімі.
Соңғы үш жылда облыс орталығында тиімді тұрғын үй бағдарламасының арқасында 11 шағын аудан бой көтерді.
- Мұнан бөлек, «Қызылорда-Жезқазған» тас жолының бойында 150 га жер телімінің жұмыс жоспары дайын тұр. Келесі кезеңде осы аумақтың инженерлік инфрақұрылымын жүргізуді бастаймыз. Бұл жұмыстар барысында тағы да қосымша 1200 жер телімін бөлуге мүмкіндік туады,- деді Қырымбек Көшербаев.