ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ 600 МЛН ТЕКШЕМЕТР БОЛАТЫН СУ ҚОЙМАСЫН САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА
Бұл жайында 15 ақпанда тұрғындармен болған есепті кездесуінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев хабарлады
Аграрлы аймаққа жататын облысымызда суармалы егістік жерлер көкейкесті мәселе болып табылады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасы бойынша жүзеге асырылатын «Ирригациялық және дренаждық жүйені» жетілдіру жобасының екінші фазасы шеңберінде Жалағаш ауданындағы 15 мың га суармалы жерді қалпына келтіру жоспарлануда. Қазіргі таңда жобалық аймақта іздестіру және жобалау жұмыстары жүргізілуде.
- Ирригациялық және дренаждық жүйені жетілдіру жөніндегі жобаның үшінші фазасына облысымыздан тағы да 144 мың га жерді қосу мәселесін көтерудеміз. Сондай-ақ, 29 мың га суармалы жерді қалпына келтіру жөніндегі жобаны жүзеге асыру үшін Ислам даму банкімен жұмыс жүргізудеміз,- деді Қ.Көшербаев.
Осы жұмыстармен қатар Шиелі ауданындағы Күміскеткен шатқалында жалпы сыйымдылығы 600 млн текшеметр су жиналатын жаңа су қоймасы құрылысының жобасын әзірлеу қатар басталды.
- Бұл - өте маңызды жоба. Су қоймасы салынғаннан кейін Қызылорда қаласы мен Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарының 110 мың гектар суармалы жерлерін қамтамасыз ететін болады. Енді оны қаржыландыру үшін белсенді жұмыс жасауымыз қажет, – деп атап өтті аймақ басшысы.