Г. ӘБДІХАЛЫҚОВА МҰНАЙ ӨҢДЕУ ІСІНДЕ ӨЗ МАМАНДАРЫМЫЗДЫ ДАЯРЛАУДЫ ТАПСЫРДЫ
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықованың Атырау облысына жасаған жұмыс сапары аясында, аймақтағы техникалық және кәсіби білім беру орындарының бірегейі болып табылатын Аймақаралық орталықтың базасында мұнай-газ саласының мамандарын даярлаудың жай-күйін талдады. Жиын барысында сөз алған Гүлшара Наушақызы мұнай өңдеу ісінде отандық өз мамандарымызды даярлауды дендеп қолға алу керектігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
- Теңіз, Қарашығанақ пен жуық арада іске қосылатын Қашаған кен орны сынды алып жобаларды, жалпы, мұнай өндіру мен өңдеу саласындағы зауыттарымызды өзіміздің отандық білікті мамандарымызбен қамтуымыз керек. Осы мақсатта, мұнай өндіруші және өңдеуші компаниялармен жергілікті әкімдік, Білім және ғылым министрлігі, Энергетика, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тарапынан келіссөз жүргізетін үшжақты арнайы топ құрылуы тиіс, - деді Премьер-министрдің орынбасары.
Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде 31 колледж бен 6 жоғары оқу орны мұнай-газ саласына қатысты мамандарды даярлаумен айналысады. Оның ішінде колледждер 11 мамандық пен 70 біліктілік дәрежесі бойынша, ал ЖОО-ы 1 арнайы мамандықтар бойынша кадр даярлайды. Бұл оқу орындарын жыл сайын 7,5 мыңға жуық түлек белгілі бір деңгейде білім алып, түлеп шығады. Орайы келгенде, Премьер-министрдің орынбасары осы жас мамандардың қызметке орналасу мәселесін күн тәртібінде талқылау керектігін атап өтті.