ЖҰМЫССЫЗ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨЗ ІСІН АШУЫНА КӨМЕК БЕРІЛЕДІ
2017 жылы Қызылорда облысында ұсақ тауар өндірістерін ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіріп, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды шағын және орта бизнеске жұмылдыру жоспарлануда. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпан күні өткен халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
- Өткен жылы облыста құрылған 133 ауыл шаруашылығы кооперативтері өзінің қатарына 700-ден астам шағын тауар өндіруші өндірісті біріктірді. Үстіміздегі жылы тағы 500 шағын тауар өндірушілерді кооперативтерге біріктіруді жоспарлаудамыз. Бұл аграршылардың мемлекеттік субсидия алуға да, несиелік ресурстар алуға да мүмкіндігін жеңілдетеді,- деп атап өтті аймақ басшысы.
Сондай-ақ, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.
Өткен жылы аймақтық «Қызылорда» инвестициялық орталығы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Микробизнес-Қызылорда» пилоттық жобасын жүзеге асыра бастады. 2016 жылдың өзінде 774 млн теңгеге 124 жоба жүзеге асырылып, 400-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Бұл жерде айрықша басымдық жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану және олардың базасында ет пен сүт бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту болып табылады.
- Тағы бір ерекше атап өтер жайт, аймақтық инвестициялық орталық құрылғалы 2 жыл ішінде 1 млрд теңгеден астам қаржыға ауылдық жерлердегі 184 жоба қаржыландырылды. Олардың басым көпшілігі (70 пайызы) - жұмысын алғашқы бастаған кәсіпкерлер. Нәтижесінде, ауылдық жерде 650 жаңа жұмыс орындары құрылды,- деді Қ.Көшербаев.