ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰРҒЫН ҮЙ - КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпан күні халық алдында берген есепті кездесуінде баяндады.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен көпқабатты апатты үйлер мәселесін де шешетін боламыз (38 үй, 503 пәтер).
- 2016 жылы апатты үйлерде тұрған 324 отбасына жаңа пәтер берілді. Осылайша, бүгінде біз апатты пәтерлердің 60 пайызға жуығының мәселесін шештік (қалғаны - 32 үй, 179 пәтер). 2017 жылы бюджет мүмкіндігіне қарай бұл жұмысты жалғастыратын боламыз,- деді облыс әкімі.
«ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамымен бірлесе Қызылорда қаласын, 4 аудан орталығын газбен қамтамасыз ету, Байқоңыр қаласына газ тарту жұмыстары жүргізілді. 2016 қалған 3 аудан орталығы мен Қызылорда қаласындағы кейбір газ тартылмаған аймақтарды газдандыру жоспарланды. Жобаның жалпы құны 11,7 млрд теңгені құрайды. Жобаны республикалық бюджеттен осы мақсаттарға арналған қаражатты тарта отырып жүзеге асыру жоспарланып отыр.
- Сонымен бірге, өзіміздегі ақпаратқа сәйкес, Энергетика министрлігі 2017 жылдың соңына қарай «Сарыарқа» магистралды газ құбырының құрылысын бастауды қарастыруда. «Қараөзек» елді мекенінің жанындағы «Бейнеу-Бозой Шымкент» магистральді газ құбырынан жалғасатын газ Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарын және Астана қаласын газбен қамтуға тартылуы тиіс. Бұл – біздер үшін аса көлемді инвестиция, құрылыс жұмыстары, демек, жаңа жұмыс орындары мен жергілікті бюджетке түсер қосымша салық көздері деген сөз,- деді облыс әкімі.