СЫР ӨҢІРІНДЕ БАҚША ӨНІМДЕРІ МЕН ЕТ-СҮТ ӨНІМДЕРІН ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауылшаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару – Қызылорда облысының өткен және алдыңғы жылдардағы басым бағыттарының бірі. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпандағы тұрғындарға есепті кездесуінде баяндады.
Мысалы Өткен жылы Шиелі ауданында қуаттылығы тәулігіне 400 литр шұбат өндіретін цех іске қосылды. Қызылорда қаласында жартылай фабрикат ет өнімдерінің фабрикасы, ал, Сырдария ауданында жылына 250 тонна өнім шығаратын ет комбинаты бар 10 мың бас қозы өсіретін кешен салынды.
- Бүгінгі таңда тұтынатын құс етінің барлық көлемін облыстан тыс жерден әкелетінімізді ескеріп, импортты ауыстыру мәселесіндегі жұмыстарды белсенді жүргізе бастадық. Құс еті өндірісіндегі жобаларды жүзеге асырушыларды ынталандыра бастадық. Республикалық инвестициялық орталық қаржысы есебінен Сырдария ауданында үйрек пен қаз өсіретін құс фермасының жобасын несиелендірдік (қазірдің өзінде осы фермада 10 мың бастан астам құс өсірілуде),- деді облыс әкімі есепті кездесу барысында.
Облыстың аграрлық секторы шетелдік инвесторлар үшін де қолайлы бола түсуде. Сондай бірлескен жобалардың бірі – 2018 жылы Жаңақорған ауданында томат пастасын шығаратын зауытты іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, Жаңақорған ауданында жылына 100 мың тонна кешенді минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауыт құрылысын бастау жоспарланып отыр. Ал, Арал ауданында түйе сүтін өңдеу зауыты салынбақ. Қазір бұл жобалар шетелдік инвесторлармен бірге әзірлену үстінде.
- Бақша дақылдары өнеркәсібі өндірісін қалпына келтірудеміз. Көп жылдардан кейін, алғаш рет 2016 жылы біздің қауындарымыз Ресей мен Қырғызстанға экспорттала бастады. Биылғы жылы бақша дақылдарының көлемін тіпті ұлғайтуды жоспарлап отырмыз,- деді облыс әкімі.