МИНИСТР АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың есепті кездесуіне Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қатысты.
Аймақ басшысынан кейін сөз алған Қанат Бозымбаев Қызылорда облысы ауыл шаруашылығының дамуы барысында республикада жақсы көрсеткіштерге ие екендігін атап өтті. Сондай-ақ, ел өңірлерінің ішінде Қызылорда тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштерінің өсуімен де ерекшеленген. Бұл көрсеткіш 1,2 есеге артып отыр.
- Қызылорда облысы республикамызда төртінші мұнай өндіруші аймақ болып есептеледі. Мұнай-газ саласы облыста инвестицияның басты көзі болып табылады. Бұнда газдандыру деңгейі 63,5 пайызды құрап отыр. Бұл 2015 жылмен салыстырған 2 есе көп. Биыл республикалық бюджеттен қосымша 500 млн теңге Бейнеу-Базой-Шымкент магистралының бойымен Жосалы кентіне дейін газ құбырын салуға бөлінетін болады, - деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Фариза ОМАРОВА