ӨТКЕН ЖЫЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпанда халыққа есеп беру кездесуінде аймақтың білім саласындағы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Облыста 6 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Олардың 2000-нан астамы Қызылорда қаласында тұрады. Осы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және әлеуметтендіру мақсатында өткен жылы Қызылорда қаласындағы №278 орта мектеп базасында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылды. Бұл дамуында кінараты бар балаларды түзетуді қамтуды арттырады, оларды қабылдау кезегін азайтып, қызмет ауқымын кеңейтеді.
– Біз мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестікті дамыту арқасында 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиесін 100% қамтыдық. Бүгінгі күні облыстағы балабақшалардың 70 пайыздан астамы осы мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік негізінде жұмыс жасауда. Егер 10 жылда мемлекет 37 балабақша салса, соңғы 3 жылдың өзінде ғана жекеменшік сектор 380-нен астам балабақша ашып отыр. Жасыратыны жоқ, Қызылорда облысындағы әріптестік тәжірибесін Мемлекет басшысы өз Жолдауында да атап өтті.
Әкімнің сөзіне қарағанда, үстіміздегі жылы 3 жасқа дейінгі балаларға арналған орындарды көбейту жалғасын табатын болады.