ҚЫЗЫЛОРДАДА «ШАЛҚИЯ МЫРЫШ» ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ МЕН ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпанда өткен халыққа есеп беру кездесуінде осылай хабарлады.
– Біз шикізат өнімдеріне тәуелділігімізді азайту мақсатында жаңадан бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған өндірісті құру жөніндегі жұмыстарды жалғастырудамыз.
Бүгінгі күні «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішінен газтурбиналы электр станциясын және тау-кен байыту комбинатының құрылысын жүргізуге дайындық жасалып, кенішті оңалту жұмыстары аяқталды. Мұнымен бір мезгілде гидрометаллургиялық зауытта және кеніште техника-экономикалық негіздемелер (ТЭО) жөніндегі құрылысқа дайындықтар жасалуда.
– Ферроқорытпа зауыты жөнінде ауқымды жұмыстар жалғасуда. Технико-экономикалық негіздемелер (ТЭО) жобасы жасалып, инфрақұрылым нақтыланды. 2016 жылы 23 тамызда Варшава қаласында поляк компаниясымен жобаны жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сонымен бірге, Польша Ұлттық банкі жобаны қаржыландыруға 300 млн АҚШ долларын беруге дайын екендіктерін білдірді, – деді Қырымбек Елеуұлы.