СЫР ЕЛІНДЕ МЫҢНАН АСА АДАМ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР АЯСЫНДА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпанда халықпен есепті кездесуінде хабарлады.
Облыстың индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған 27 жобаның бүгінде 21-і өнім өндіруде. Жаңа кәсіпорындарда бүгінгі күні мыннан аса адам еңбек етуде. Бұл жақсы көрсеткіш екенін аймақ басшысы атап өтті.
– Өкінішке қарай, жобаларды жүзеге асыру туралы шешім қабылдар кезеңде барлық тәуекелді ескеру қиын. Сондықтан Карта шеңберінде жүзеге асырылған 6 жоба бойынша оларды жоспарлы қуатына жеткізу үшін дербес жұмыс жүргізудеміз. Мысалы, біз Жалағаштағы мия тамырын өңдеу жобасы бойынша инвесторды алмастырдық. Жаңа инвестор жаңа қондырғыларды алып келді. Біз зауытқа шикізатпен көмектестік. Нәтижесінде 2017 жылдың қаңтарында алғашқы 20 тонна өнімді экспортқа (ҚХР) жібердік, – деп мәлімдеді облыс әкімі.
Сонымен бірге, мемлекет пен бизнестің ауқымды қаржыларын текке жұмсамау үшін 2016 жылы жобаларға сұрыптау жүргізіп, индустрияландыру идеясына сәйкес келмейтін жобаларды Картадан алып тастадық,-деді Қырымбек Көшербаев.