ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ МЕН ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ ӨСТІ
Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпанда тұрғындармен есепті кездесуінде мәлімдеді. Аймақ өндірісінің негізгі тірегі мұнай өңдіру төмендегенімен, дамудың бірқатар көрсеткіштерінде оң динамика бар деп атап өтті.
– Атап айтқанда, өткен жылы өңдеу секторындағы өсім 15 пайызды құрады. Егер, ұзақмерзімді динамикаға көз жүгіртсек, мәселен, 2012 жылмен салыстырғанда облыстың шикізаттық емес өндіріс секторындағы өнім көлемі 52 пайызға өсті, осы кезеңде республика бойынша ол бар болғаны 4-ақ пайыз болды, – деді Қ.Көшербаев
Өңдеу саласындағы еңбек өнімділігі 6 есеге дейін өсті (ҚР бойынша-2,4 есе), ал өңдеу өнеркәсібінің жалпы өңірлік өнімі (ВРП) құрылымындағы үлесі осы жылдары 3,5 есе өсті (2012 жылы 2,2 пайыздан 2016 жылғы 7,8 пайызға дейін).
– Шикізаттық емес сектордың даму қарқыны бойынша біздің облыс республика аймақтарының арасында көшбасшылар қатарында. Өңдеу саласының озық қарқыны сонау 2014 жылдың қыркүйегінде басталған болатын, -деп мәлімдеді облыс әкімі.