СӘРСЕНБІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ БҰРҚАСЫН БОЛАДЫ
«Қазгидромет» РМК бүгінгі ауа райы туралы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты көп жерлерде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшейіп, бұрқасындатады.
Тек еліміздің солтүстік шығысында ғана қар жаумайды. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасындатады. Желдің күші секундына 15-23 метрге жетеді.
Қостанай, Батыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында жел тұрып, Қостанай облысында тұман болады.
Алматы, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей аймақтарында тұман түсіп, Алматы облысында көктайғақ болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.