ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАУДЫҢ 4 ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ
Жергілікті полиция қызметінің жол патрульдік полиция саптық бөліністерімен көше мен қоғамдық орындарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу бағытында жүргізген профилактикалық жұмыстары нәтижесінде заңсыз аң аулаған 2 азамат ұсталды.
Оқиға 30 қаңтарда сағат түнгі 3-тер шамасында орын алған. Полиция қызметкерлері «Нива» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жүксалғышынан ішкі істер органдарында тіркелмеген 16.2 және 12.2 ұңғылы 2 аңшы мылтығын, 4 дана қоянның өлі денесін, мылтықтың оқтары мен прожекторды анықтап, заттай дәлелдеме ретінде алды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабымен (заңсыз аңшылық) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер де ұсталғандардың кінәсі дәлелденген жағдайда, олар белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Айта кетерлік жайт, 2017 жылдың басынан заңсыз аң аулаудың 4 дерегі тіркелді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Айта кетерлік жайт, 2017 жылдың басынан заңсыз аң аулаудың 4 дерегі тіркелді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі