ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНАН БАСТАП ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ЖЕКЕ КУӘЛІКТЕР БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ - ҚР ІІМ
Елімізде желтоқсан айынан бастап жаңа үлгідегі жеке куәліктер беріле бастайды. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Қылмыстық-атқару жүйесіндегі мәселелерге арналған Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.
Тоқтала кететін жайт, депутаттар тарапынан жеке куәліктерге қатысты біршама сын айтылып, ондағы фотосуреттің күңгірттеніп тұратынына ескерту жасалған. Бұған министр толық келісетінін жеткізді.
«Біздің жеке куәліктеріміздегі фотосуретті түрлі-түсті әрі анық етіп шығару туралы ескерту айттыңыздар. Біз жыл бойы осы проблемамен жұмыс істедік. Керекті жабдықтарды да сатып алдық. Жеке куәліктің қажетті тұсына өзгерістер енгізіп, жаңасын әзірлеп шықтық. Ол жаңа куәлік ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап беріле бастайды. Онда түрлі-түсті фото, голографикалық фотография бар, яғни куәліктің қорғанысы жоғары болады. Бір сөзбен айтқанда, жаңа, түрлі-түсті суретпен шығатын куәлікті біздің азаматтар 1 желтоқсаннан ала бастайды», - деді министр Қасымов.
Оның сөзіне қарағанда, жаңа куәлікте еліміздің Туы мен Елтаңбасы, картасы да орналастырылған. Министрдің айтуынша, жаңа куәліктің нұсқасы барлық мемлекеттік органдар арасында талқыланып, келісілген.