БАЛАЛАРҒА КӨМЕК
Қызылорда қаласындағы №112 мектепте республикалық «Қамқорлық» жобасы аясында қайырымдылық акциясы өтті.
Аймақтағы аз қамтылған отабасыларды қолдауға арналған аталмыш игі шараға қаламаздағы бір қатар азаматтар қол ұшын созғаны көңіл қуантады. Оған «Сыр медиа» ЖШС қызметкерлері, «Социум-Кызылорда» ҚҚ, «Жомар» мейірімділік үйі, Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі, «Жастар ресурстық орталығы», жеке кәсіпкер Нұржан Өзбеков, «Қызылорда еріктілер» қауымдастығы және қала тұрғындары белсенділік танытты.
Акция аясында 30 шақты оқушыға қыстық аяқ киімдер мен жылы киімдер, «Эллен», «Мадонна», «Пак» сән салондары 50 оқушыға шаштараздық қызмет көрсетілді.
№112 орта мектептің алеуметтік педагогы Гүлжазира Тәшенованың айтуынша мектепте 685 бала оқыса, ондағы 75 оқушы аз қамтылған отбасының балалары.
- Осы санатты балалардың бір бөлігі мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылып келеді. Қалған балаларға көмектесу үшін демеушілер табуға тырысамыз. Бақытымызға орай әлемде жақсы адамдар жоқ емес, олардың қашанда қиындықта жанымыздан табылатынына қуанамыз, - дейді Г.Тәшенова.