ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Тұрғын үй Қызылорда» МКМ директоры Нұрлан Өтепов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Мекеме басшысының қабылдауына 5 азамат тіркеліп, оның 4-і өз өтініштерін білдірді. Солардың бірі қала тұрғыны Айман Сұлтанова.
Айман, Абай даңғылы №62 көпқабатты үйде көп жылдардан бері тұрады. Үйіміз 1991 жылы салынған.Ескі, шатырлары да әбден тозған. Жоғары қабатында отырғандықтан сәл жауын болса төбемізден үй ішіне су ағады. Жалғыз өзім жөндеуге шамам келмейтін болған соң партия қабылдауына көмек сұрап келдім»,- дейді ол.
Айманның мәселесін жетік білетін мекеме басшысы Нұрлан Өтепов бұл көпқабатты үйлер жекеменшік иесінде болуына орай, тұрғындармен, яғни көршілер бірігіп отырып, жөндеу жұмыстарын жүргізудің заң аясындағы жолдарын айманға егжей-тегжейлі айтып түсіндірді.
Ал, Шұғыла м/а №28 үй тұрғыны Сыздыкова Улжалғас болса өжіредегі ауыз су мен кәріз жүйелерінің тозғанына шағымданып, мекеме басшысынан осыған ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе немесе өз қаржымызға жүргізуге көмек көрсетілсе деген өтінішін айтты.
Мекеме басшысы аталған мәселені «Қызылорда су жүйесі» мекемесімен бірлесіп, ағымдағы жылы қалыпқа келтірілетініне уәде етті.
«Қабылдау барысында қалған екі азаматтың да аяқ су, жаңғырту жұмыстарына қатысты өтініші назарға алынды. Олардың шешілуін тікелей өзім бақылауда ұстаймын»,- деді «Тұрғын үй Қызылорда» МКМ директоры Нұрлан Өтепов.
Жалпы облыстық партия филиалының қабылдауына жыл басынан тұрғындардан 443 арыз - шағым келіп түскен. Оның 97-і дер кезінде шешімін тапқан.