ТЕГІН НАН ТАРАТЫЛДЫ
Қызылорда қаласындағы «Нұр-Дос» азық-түлік дүкенінде тегін нан таратылды, — деп хабарлайды Alashinform.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл игі істі ұйымдастырушы Самал Асанова есімді қала тұрғыны. Жолдасы 37 жасында қайтыс болып, төрт баласымен қалған Самал қайырымдылық акциясын азаматының рухына бағыштапты. «Тегін нан таратып жатыр» дегенді естіген жұрт сенер-сенбесін білмей дүкенге қарай ағылған. Сол көппен бірге біз де барып көрдік.
«Нұр-Дос» дүкенінің жанындағы наубайханаға тапсырыс берген Самал бізге сұхбат беруге бірден келісе қоймады. Жасаған қайырымдылығын, берген садақасын жария етуден қысылған болса керек. Алайда жақсылықты жұртқа айтса, еселене түседі деп әңгімеге көндірдік. «Бұл шараны ұйымдастыруымның басты себебі, жолдасым Алтынбек Асановтың рухына бағыштап, сауапты іс жасағым келді», — дейді Самал Асанова. Дүкенге түскен ыстық нанның 800 данасын жұрт түске дейін-ақ алып кетіпті.
Біз тамашалаған жарты сағаттың айналасында дүкен алдында кезекке тұрғандар қарасы көбейді. Қала тұрғындары ыстық нанды құшақтарына қысып, үйлеріне әкетіп жатты. Дүкен иесінің айтуынша: «Наубайханаға түскен ақша тағы да бір қайырымдылық іске жұмсалатын көрінеді.
Самал Асанованың қайырымдылық акциясынан түскен қаржыға «Қамқорлық» дағдарыс орталығындағы адамдарға киім-кешек пен ыстық нан пісіріп апаруды жоспарлап отырмыз, — дейді.
Нарықтың бүйірден қысып, бағаның ырық бермей күннен-күнге өсіп жатқан қоғамда жүздеген отбасының алғысын алған Самал Асанова мен «Нұр-Дос» дүкеніне біз де ризашылығымызды білдіреміз. Лайым осындай игі істеріміз көбейсін.

Комментарии 1