ҚАЗАҚСТАНДА ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Іскер әйелдері қауымдастығы арнайы мобильді қосымшалар арқылы әйелдердің іскерлік белсенділігін арттыру жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» РҚҰ президенті Раушан Сәрсембаева хабарлады.
«Соңғы 10 жылда әйелдің жұмыссыздығы 1,6 пайызға төмендеп, бизнестегі әйелдердің үлесі 50 пайызға дейін өсті. Әйелдер Елбасының барлық бастамаларының сенімді қолдаушыларына айналып, өкіметтің барлық реформаларына белсенді араласып, тәуелсіздігімізді нығайтуға маңызды үлес қосып келеді, – деді Р.Сәрсембаева.
Спикердің айтуынша, Қазақстанда әйелдердің саясатта, бизнесте және басқа да қоғамның барлық саласында әлеуетін дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалған. 25 жыл ішінде ҚР Парламентінде әйелдер қауымы ұдайы өсіп келеді, қазіргі таңда Парламент мәжілісінде әйелдердің үлесі 27,1% жетті. Елімізде маңызды шешім қабылдайтын адамдардың 30 пайызы әйелдер. Ал барлық деңгейдегі мәслихаттарда әйелдер өкілдігінің деңгейі сайланған депутаттардың жалпы санының 22,2 пайызына жетіп отыр.
Сондай-ақ, Раушан Сарсембаева бизнесті дамытуда іскер әйелдер қауымдастығының қосқан үлесі туралы кеңірек ақпар бере кетті.
«Қазіргі таңда әйелдерге арналған мобильді қосымшаларды әзірлеу үстінде. Дегенмен, бұл қосымшалар ер азаматтарға да ұсынылатын болады. Меніңше, бұл қадам «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасымен үндес келеді. Кез-келген өз кәсібін қолға алған кәсіпкер аталған қосымшаны жүктей алады. Бұл қосымша арқылы кәсіпкерлікті қолдау бағыттары, кәсіпкерлік саласын ашу мүмкіндіктері, кәсіпкерлікті қаржыландыру жолдары, тағы басқа ақпараттарды біле алады. Аталған қосымшада «Бизнестің диагностикасы» бағдарламасы енгізіледі, осы бағдарламада қойылған сауалдарға жауап бере отырып, кәсіптің деңгейін анықтауға болады. Қосымшада тәлімгерлік мектебі енгізіледі. Тігін шеберханасын қолға алған әрбір кәсіпкер тікелей онлайн режимінде осы салада еңбек тәжірибесі мол кәсіпкермен байланыса алады. Бұл жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесіміз», - деді Раушан Сарсембаева.