ӘУЕЛЕП ҰШҚАН ӘН - ҒҰМЫР
Биыл Қазалы ауданында жезтаңдай әнші, Кеңес Одағының және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың туылғанына 95 жыл толуына орай түрлі деңгейде шаралар өткізілуде.
Осыған орай қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуында өзіндік із қалдырған жерлес әншінің шығармашылығы мен өмір жолын дәріптеуге арналған «Әуелеп ұшқан ән—ғұмыр» атты әдеби сазды кеш болды.
Жамбыл атамыз «Ән – халықтың үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі» деген. Сол айтылғандай, өнерге талпынған Ғ.Мұратбаев атындағы №17 мектептің оқушылары Э.Жұмабекова, А.Ермек, Н.Бақытбек музыка пәнінің мұғалімі К.Есенаманованың сүйемелдеуімен Роза Бағланованың бірнеше әнін орындады.
№16, №17, №95 мектептердің оқушылары Н.Пірмағанбет, М.Бөкебай, А.Сраж, Ә.Төлеген, А.Иманалиев, С.Карен жезтаңдай әншіге арнаған өлеңдерін оқыды.
Өз тарихын терең зерделеуге бет бұрған қазақ халқының өскелең ұрпақтары әнші Роза апаларын ешқашан ұмытпайды, әрдайым ардақтап құрмет тұтады.