ШЫНЫ ЗАУЫТЫНА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІК БЕРДІ
Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Артур Нығметов осы өңірдегі шыны зауыты төңірегіндегі жағдайға қатысты түсінік берді. Ол бұл мәселеге орай әкімдіктің ұстанымын айқындап өтті.
«Бүгінгі күні «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының бұрынғы төрағасы Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық тексерулер жүріп жатқаны баршаға мәлім. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы мәлімдегеніндей, Бишімбаев бір топ адамдармен алдын ала келісіп, бірнеше мәрте аса ірі көлемде пара алғаны үшін қамауға алынған және Қызылорда қаласында табақты шыны өндіретін зауыт құрылысынан 1 миллиард теңге қаржыны ведомстволық бағыныстағы «Orda Glass» компаниясы және оның мердігер мекемесі «Шымкентхиммонтаж» серіктестіктері арқылы жымқырғаны үшін айыпқа тартылуда.
Бұл жерде «Шыны зауыты акционерлерінің құрамында - 70 пайыздық үлес жеке инвестор «ARP company» ЖШС-ға, 20 пайызы - американдық «Stewart Engineers» компаниясына және 10 пайызы - «ИФК» АҚ-ға («Бәйтерек» АҚ-ның еншілес ұйымы) тиесілі екенін атап өту керек. Қалыптасқан жағдайға байланысты «Orda Glass LTD» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқару Н.С. Шантаевқа жүктелді.
Жоспар бойынша зауытты 2017 жылдың қазанында іске қосу белгіленген. Осыған байланысты 2017 жылдың 9 ақпанында Астанада Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың және тиісті органдар басшыларының қатысуымен Қызылордада шыны зауыты құрылысының кейбір мәселелеріне байланысты кеңес өтті.
Жиын барысында бас мердігерлік ұйым «Шымкентхиммонтаж» ЖШС-н ауыстырып, оны консорциум құрамынан шығару туралы шешім қабылданды.
«Өз кезегінде Қызылорда облысының әкімдігі тек жер телімін бөлуге және инженерлік инфрақұрылымды тартуға ғана жауапты екенін атап өткім келеді. Индустрия аймағына бюджеттік қаржы есебінен барлық қажетті инфрақұрылым жеткізілуде. Бұл тұрғыда 2016 жылы қосымша газ құбырының екі тармағы, электр желілері, автожолдар мен байланыс жүйесі тартылды. Ағымдағы жылы темір жол желісі, су құбыры мен кәріз жүйесі іске қосылмақ. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда» деп жазған А.Нығметов Фейсбуктегі парақшасында.