ҰШАТЫН КӨЛІКТЕР САТЫЛЫМҒА ШЫҚТЫ (ВИДЕО)
Нидерландының PAL-V фирмасы өздері құрастырған ұшатын машинаның екі үлгісін жаппай сатылымға шығарды.
Олар ұшатын автомобиль жасауға 2009 жылы кіріскен еді. 2012 жылы алғашқы нұсқа әзірленді. Ал, 2017 жылы PAL-V фирмасы Liberty Pioneer және Liberty Sport атты екі үлгісіне тапсырыс қабылдап, шығара бастады. Ұшатын көлік құрастырушылардың хабарлауынша, олардың өнімдері барлық қауіпсіздік талаптарына сай жасалған. PAL-V тұтынушыларының автомобильдері 2018 жылдың соңына қарай табысталады. Ол уақытқа дейін PAL-V өнімдері қолдану үшін толығымен сертификатталып бітеді. PAL-V бас директоры Роберт Дингеманс өз өнімінің басты нарығы ретінде Солтүстік Американы атады. АҚШ, Канада, Мексика және Бермуд аралдарында ұшатын автомобильге тапсырыс берген тұтынушылар бар көрінеді.