РЕСЕЙ БАЙҚОҢЫРДАҒЫ ШЫҒЫНДАРЫН ЕКІ ЕСЕГЕ АЗАЙТАДЫ
Ресейғарыш корпорациясының кәсіпорны - «Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығының» бас директоры, РФ ғарыш айлақтарының пайдаланылуына жауапты тұлға Ранохон Джураева «Известия» басылымына Байқоңыр ғарыш айлағындағы пайдасыз шығындарды қысқарту бойынша шаралар туралы айтып берді, деп жазады Қазақпарат.
«Жалпы, Байқоңырдағы ұшырылым қызметін қамтамасыз етіп отырған инфрақұрылымды ұстап тұруға және оның пайдаланылуына қазіргі уақытта жылына 8,5 млрд.-қа жуық рубль жұмсалады. Бұл тұрақты шығындарға сондай-ақ сумен қамтуға, электр энергиясына, жылу беруге, жолдарға, теміржолдар желісіне, күзет пен көлікке жұмсалатын қаржылар кіреді», - деді орталық басшысы.
Джураеваның есебі бойынша, энергиямен қамту жүйелерін оңтайландыру, сумен қамтуға шығындарды азайту, жерүсті инфрақұрылымдарын ұстап тұруға шығындарды қосымша қысқарту бір жылда миллиард рубльді үнемдеуге мүмкіндік береді. Осылайша, жыл ішінде шығындар екі есеге - 2 млрд.-тан 1 млрд рубльге дейін төмендетіледі.
Рано Джураеваның айтуынша, Байқоңырды стратегиялық түрлендіру жоспары 2015 жылы қабылданған. Бүгінде ол 70 пайызға орындалды. Осы уақыт ішінде 3,5 млрд рубльді құраған жыл сайынғы шығындарды екі есеге азайту мүмкін болды.
Дегенмен, Байқоңыр ұзақ уақыт бойы Орталықтың қаржылық пайда әкелмейтін негізгі бөлімшесі болып келген және солай болып қалуда.