АСТАНАДА 200 ЖЫЛЫ АЯЛДАМА САЛЫНАДЫ
2017 жылы қала басшылығы қосымша 200 аялдаманы орнатуды жоспарлауда. Осы орайда әкімдік қала тұрғындарын қоғамдық мүлікке ұқыпты болуға шақырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде біз жылы аялдамларды жуып, тазалап жүреміз. Бірақ қала тұрғындары шыныларын сындырып, күл-қоқысты тастап кетеді. Сондықтан бізге ортақ іске деген жанашырлықты, қоғамдық мүлікті сақтау мәдениетін әлі де көтеру керек», — дейді жолаушылар көлігі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бекмырза Егенбердиев.
Оның айтуынша, бүгінде жылы аялдамаларда бейнебақылау жүйесі бар. Алайда ол ішкі істер органдарының ортақ желісіне қосылмаған. «Қазіргі кезде біз ол бейнекамераларды ішкі істер департаментінің ортақ жүйесіне қосу мәселесін пысықтап жатырмыз. Сосын өз желімізге де қосуымыз қажет. Сонда ұялы телефон арқылы кез келген аялдамадағы жағдайды бақылап отыруға болады. Біреулер вандализм жасаса, бірден жақын жүрген патрульді шақыратын боламыз», — деп атап көрсетті Игембердиев.
Айта кетейік, бүгінде қала бойынша 27 жылы аялдама бар. Биыл 200 қосымша аялдаманың басым бөлігін жеке меншік қаржыға орнату жоспарланған. «Мәселен, аялдаманың 55-сі бюджеттің қаржысына салынса, қалғанына жеке меншік саланың қаржысы тартылады», — деді Игембердиев.