ЕЛІМІЗДЕ БИЗНЕСТІ БАҚЫЛАУ 45 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ
Елімізде бизнесті қайта реттеу шаралары қолға алынып, кәсіпкерлік саласының кең тыныстауына жол ашылады. Соңғы жылдары қадағалаушы мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілетін көп тексерістің де саны азайды, деп хабарлайды 24.kz.
Мысалы 2013 жылмен салыстырғанда бизнестегі тексеру шаралары 45%ға кеміді. Бұл мәліметті Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз жиынында Ұлттық экономика министрілігіне қарасты кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева мәлім етті.
Бизнеске ең көп қысым көрсететін органдарда сараптама жүргізген мамандар бірнеше қисынсыз талапты тапқан. Әсіресе, санитарлық-эпидемиологиялық салаға қатысты 83 тексеру парағының ішінде 11 мыңнан астам жөн-жосықсыз шектеу шыққан. Енді осы олқылықтарды жою үшін Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
- Анықтау мен жазалау саясатынан қазіргі кезде ескерту және адал кәсіпкерлікті қолдау саясатына ауысудамыз. Қазіргі кезде 25 салада өзінің ерекшелігімен тексерілетін қағидалар бар. Сол ерекшеліктерді алып тастап, жалпы қағидаға өткізіп жатырмыз. Тексеру парақтарында кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды қысқарту және ретке келтіру. 80-нен астам тексеру парақтары тексеріліп, солар ретке келтірілетін болады, - деді Ғалия Жолдыбаева.