ТАРТЫСТЫ ӨТКЕН ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІ
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары инновациялық мектеп-лицей оқушылары арасында өткен шағын футболдан «Спорт-біздің серігіміз» атты турнирде жеңіске жетті.
11 ақпан күні Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қаладағы инновациялық мектептер арасында шағын футболдан турнир өткізді. Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған мектеп басшысы Бахыт Жұматай барлық қатысушы командаларға сәттілік тілеп, спорттың адам өмірінде маңызды рөл атқаратынын тілге тиек етті.
- Әлемде жүргізілген Халықаралық зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, адамдар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің 98 пайызы ең құнды капитал – «денсаулық» деп атады. Бүгінгі шарада салауатты өмір салтын насихаттау арқылы оқушыларды спортқа баулу, дарынды оқушылар арасында достық қарым-қатынасты арттыру, тәжірибе алмасуға мүмкіндік болады. Барлық командаларға жақсы ойын көрсетуге тілектеспін, - деді Бахыт Әмірханұлы.
Турнирге барлығы 8 команда қатысуға ниет білдірді. Атап айтқанда №2 Мұрагер мектебі, №3 мектеп-гимназиясы, №264 мектеп-лицейі, №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектебі, №23 және №101 мектеп-лицейлері, №9 қазақ-түрік лицей - интернаты және НЗМ-нің командалары алдымен екі топ бойынша жарысты. Топтан оза шыққан командалар жүлделі 1,2,3 –ші орындарға таласты. 6 сағатқа созылған ойындардың барлығы тартысқа толы болды. Жас футболшылар кәсіби деңгейде ойластырған комбинацияларын жүзеге асырып, қарсыластарына көбірек доп салуға тырысып бақты. Үшінші орынға таласқан №264 мектеп-лицейі мен қазақ-түрік лицей-интернаты ойында тең түсіп, пенальтиде сайысты. Нәтижесінде бір доп артық салған ҚТЛ жүлделі 3-орынға тұрақтады. Жанкүйерлерді ерекше қызықтырған - Назарбаев Зияткерлік мектебі мен №3 мектеп-гимназия арасындағы ойын. Екі команда да өз шапшаңдықтарын танытып, бір-біріне қарсы тұра алды. Дегенмен 2:1 есебімен алға шыққан Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ойын соңына дейін қарсылас команданың шабуы лына төтеп беріп, қорғана білді. Сөйтіп №3 мектеп-гимназиясының ойыншылары 2-ші орынды иеленсе, Зияткерлік мектептің оқушылары жеңімпаз атанды.
«Барлық командалар өте тәжірибелі мықты болды. Дегенмен жарыстың аты - жарыс. Ұтқан командалар болады, жеңілген командалар да болады.Енді жеңіске жетуге деген арманымыздың арқасында біз турнирдің кубогын жеңіп алдық депойлаймын,» - дейді Зияткерлік мектебінің 10-оқушысы Ернар Мұсабай.
«Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен турнир өте тарысты, қызық болды. Алдағы уақытта мұндай жарыстар көптеп өткізілсе деген арман тілегім бар ,»- дейді №264 мектеп-лицейінің оқушысы Бекзат Ауебеков.
«Бұл шағын футболға дайындығымыз аз болды. Дегенмен біздің мақсатымыз – жеңіске жету емес, спорттық жарысқа қатысу. Спорт – денсаулық кепілі. Біз, салауатты өмір салтын ұстанып жүрген жастар, баршаларыңызды спортпен шұғылдануға шақырамыз!» - деп №9 ҚТЛ оқушысы Қазбек Сермахан өз ойын қорытындылады.
Сонымен бірге ойында ерекше көзге түскен ойыншылар түрлі номинациялармен марапатталды. Алдағы уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебі инновациялық мектеп оқушылары арасында волейболдан жарыс өткізуді жоспарлап отыр.