ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ СУИЦИДКЕ ИТЕРМЕЛЕЙТІН АҚПАРАТТАРДЫ АЗАЙТУ КЕРЕК
ОКҚ директорының орынбасары –ресми өкілі Мұрат Жұманбай бұқаралық ақпарат құралдарын «өлім тобы» тектес топтар айналасында шектен тыс ақпараттық шу шығармауларын өтінді.
«Өткен апта көрсеткендей, қоғам назарын аудартқан жастарды суицидке итермелейтін ойындарына қатысты БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде ақпарат кең түрде талқылану жалғасуда. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілердегі суицидті насихаттайтын топтар жастар арасында үлкен қызығушылық тудырып отырғанын ескертеміз», - деп хабарлады ОКҚ апталық брифингі барысында Мұрат Жұманбай.
Оның айтуынша, мемлекеттік органдар ұдайы түрде осы тектес топтарды анықтау, бұғаттау және өшіру тәрізді жедел жұмыстарды жүргізуде.
«Біз азаматтарды барлық қауіпті топтарды анықтаған жағдайда мына төмендегі сілтемеге http://mic.gov.kz/ru/complain ақпараттарды жолдауларыңызды сұраймыз», - деді ОКҚ ресми өкілі