АСТАНА АГЛОМЕРАЦИЯСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛДЫ
Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласы мен оның агломерациясының тұрақты дамуы жөніндегі кеңестің қызметіне арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Брифингке «Қалалық шешімдер бюросы» ақпаратты-талдамалық орталығының директоры Дәурен Қайсаров, Астана әкімшілігі жанындағы «Elorda Aqparat» ЖШС медиа холдингінің бас директоры Қайсар Жұмабайұлы, кеңес хатшылығының басшысы, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Ақмарал Байтемірова мен кеңес хатшысы Алмасбек Жанәбілов қатысып, жаңадан құрылған кеңестің қызметі мен міндеті туралы кеңірек айтып берді.
Д.Қайсаровтың айтуынша, кеңестің басты міндеті – қала мен оның агломерациясын тұрақты дамыту стратегиясын іске асыру, елордадағы қызметтер алдында тұрған кешенді мәселелердің шешімін іздеу, қаланың экономикалық әлеуетін және инвестициялық қызығушылығын дамыту мен жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеуге қолдау көрсету.
– «Тұрақты даму» ұғымының өзі бес бағытта жұмыс істейді, – деді ол әрі қарай, – Оған экономикалық, экологиялық тұрақтылық, тұрақты инфрақұрылым, энергетика және инновация, әлеуметтік тұрақтылық, бәсекеге қабілеттілік және стратегиялық тұрақтылық сияұқты бағытта кіреді. Жақында қала әкімінің төрағалығымен кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Оның құрамына осы мәселелермен айналысып жүрген 63 сарапшы мүше болды. Жиында қаланы дамытуға арналған көтпеген мәселелер қаралды.
Брифингте Астана қаласы әкімінің кеңесшісі кеңес алдағы уақытта да қаланың агломерациясын дамытатын қозғаушы күш болып, халықтың көптеген әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын шешуге атсалысатын органға айналатынын атап өтті. Оның айтуынша, қазір қаланың сәулеті мен дәулеті жыл сайын дамып жатқанымен шешілмеген көптеген проблемалар бар. Соның ішінде бала-бақша мен мектептерде орындардың жетіспеушілігі, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, адамның денсаулығын сақтау сияқты мәселелер күн тәртібінен түспей отыр.
– Жақында қала әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен кеңестің алғашқы отырысында Астананы 2020 жылға дейінге даму Стратегиясы жарияланды. Сонда әлеуметтік маңызы зор 15 жобаны іске асыру туралы шешім қабылданды. Бұл жобалардың көбісі әлеуметтік проблемалар,ға арналған. Сондықтан «жұмыла көтерген жүке жеңіл» дегендей, алдағы кезде қоғам белсенділерімен, өз ісмін жақсы білетін сарапшыларымен бірге жұмыс істесек қаланы жан-жақты дамытуға толық мүмкіндігіміз бар, – деді ол.
Ал «Elorda Aqparat» ЖШС медиа холдингінің бас директоры Қайсар Жұмабайұлы жиында өзі жетекшілік ететін мекеменің қызметін таныстырып, болашақта ақпарат саласы бойынша Астанананың дамуына қолда бар мүмкіндікті жасайтынын айтты.