ОҚИҒА ОРНЫНАН БОЙ ТАСАЛАҒАН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша Қызылорда қаласының тұрғыны өзінің 12 жасар ұлын белгісіз автокөлік қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткендігін көрсетіп Жергілікті полиция қызметіне арызданған.
Жергілікті полиция қызметімен жедел түрде ұйымдастырылған іздестіру шаралары барысында орын алған жол-көлік оқиғасына қатысы бар деген күдікпен 1975 жылы туылған азамат ұсталды. Оған қатысты көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын сақтамай, адамдардың денсаулығына жеңіл түрдегі зиян келтiруге әкеп соққан бұзушылығы дерегі, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 2-бөлігі бойынша және жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзі қатысушы болып табылған жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу дерегі, яғни осы кодекстің 611-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кетерік жайт, егер де құқық бұзушы сот шешімі бойынша кінәлі деп табылатын болса, онда оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру шарасы қолданылады.