«БАЙҚОҢЫР» КОСМОДРОМЫ МЕН АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЛЫ ХАБАР ПОРТУГАЛ ТІЛІНДЕ КӨРСЕТІЛДІ
Жуырда Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігінің қолдауымен португал тілінде хабар тарататын Бразилияның ең ірі телекоммуникация компаниясы - «TV Globo» телеарнасы эфирге Қазақстан туралы бір сағаттық арнайы репортаж шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл жобаның басты мақсаты, бразилиялық телекөрермендерді Қазақстанмен, оның халқы, мәдениеті және салт-дәстүрімен, сондай-ақ Қазақстанның аймақтары және табиғатымен таныстыру болып табылады.
Атап айтқанда, репортерлар телекөрермендерді Қазақстанның Астана, Алматы сияқты ірі қалаларының архитектураларымен, еліміздің кең-байтақ көрінісімен, «Байқоңыр» космодромымен, Арал теңізінің мәселелерімен, спортымен және т.б. таныстырды.
«Қазақстанда қазіргі заманғы тұрмыс пен көне шығыстық әдеп-ғұрпылардың үйлесуі қызығушылық танытады. Қазақстанның бай табиғаты кең көлемді, соның арқасында, осы елдің экотуризм, тау шаңғы спорты, белсенді және жағажайлық демалыс, сондай-ақ шипа алу сияқты салаларды одан әрі дамытуына үлкен мүмкіншілігі бар», -деп «TV Globo» телеарнасы.
Телеарна ұжымы Қазақстан туралы хабары кезінде көрермендерге Шарын шатқалы туралы: «табиғаттың ескерткіші, шөкпе қабаттан құралған, жас шамасы 12 миллион жылды құрайтын, дүние жүзіндегі көлемі жағынан екінші орындағы әйгілі бұл шатқал өзінің әдемілігімен сиқырлайды», -деп жеткізді.