ШӨКЕЕВ УНИВЕРСИАДАНЫҢ ШАҢҒЫШЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА 4,6 МЛН ТЕҢГЕ ТАБЫС ЕТТІ
ҚР Шаңғы федерациясының президенті және «Самұрық-Қазына» АҚ атынан демеушілік басшысы Өмірзақ Шөкеев Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сертификаттар табыс етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Кейбір ойындар мен жеңістер ойламаған жерден орын алып жатты. Біздің жас спортшыларымыз: Ваня Люфт, Олжас Климин, Анна Шевченко - барлығымызды таңқалдырғаны үшін өте қуаныштымын», - деді ол марапаттау барысында.
Универсиада чемпиондары 500 мың теңгеден (Анна Шевченко мен Олжас Климин, Иван Люфт),күміс жүлдегерлер - 300 мың теңгеден (эстафета - Анна Шевченко, Ольга Мандрика мен Ирина Быкова; эстафета - Сергей Малышев, Виталий Пухкало, Ринат Мухин мен Олжас Климин), қола жүлде иегерлері - 200 мың теңгеден (Анна Шевченко, Анна Стоян мен Сергей Малышев) сыйақы алды. Еске сала кетейік, қазақстандық спортшылар 9 медаль, соның ішінде екі «алтын», екі «күміс» және бес «қола» жүлдеге ие болды. Оның айтуынша, Самұрық-Қазына бұл маусымда 200 млн теңге бөлген. Бұл қаржы оқу-жаттығу жұмыстарына, материалдық-техникалық базаға, іс-шараны қалпына келтіруге, құрылғылармен қамтамасыз етуге, кеңселерді жалдауға, өңірлерге көмек көрсетуге жұмсалған.
Бұдан бөлек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі алтын медалдар үшін қазақстандық спортшыларға 4,9 миллион теңге қаржылай сыйақы беруі тиіс. Күміс жүлдегерлер 3,3 миллион теңгеден, ал қола жүлдегерлер 1,6 миллион теңгеден сыйақы алады.
Түрлі деңгейдегі бес медаль жеңіп алған Универсиада чемпиондарының бірі Анна Шевченко сыйақысына пәтер сатып алатынын айтып өтті.