БІР АЙДА 5 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛҒАН
Қыс мезгілінде ауа-райы климаттақ жағдайлардың (температураның төмендеуі, қар жауу, көк тайғақ және т.б.) күрделенуіне байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында қала көшелері мен жаяу жүргіншілер жолдарын қарлар мен пайда болған мұздақтардан тазалау бағытында жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ОІІД баспасөз қызметі.
Атқарылып жатқан түсіндірме жұмыстарына қарамастан, автокөлік жүргізушілерінің көлік құралдарын көше-жол тораптары бойына қойып кету деректері орын алуда. Нәтижесінде, аталған көлік құралдары арнайы техникалардың жол бойындағы қарларды дер кезінде тазалау жұмыстарына кедергі келтіруде.
Аталған жайт жол-көлік апаттары мен түрлі оқыс оқиғалардың туындауына әкеп соғу мүмкіндігін ескеріп, автокөліктерді көше-жол тораптары бойына қойып кетпеулерін сұраймыз.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың 1 айында қала көшелері бойында жол жүрісі қатысушыларымен жол қозғалысы Ережелерін сақтамау салдарынан 5 жол-көлік апаты орын алып, онда 2 адам қаза болып, 3 адам әр түрлі дене жарақаттарын алған.
Осы ретте, жол апаттарын алдын алу мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерге Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы Ережелерін қатаң сақтауларын, қала тазалығымен айналысатын арнайы техникалардың жұмысына түсіністікпен қарауларын сұраймыз. Сондай-ақ, жолға шыққан уақытта ауа-райының жай-күйін ескеріп, көлік құралын белгіленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен басқаруларын, кедергі немесе қауіп туған жағдайда, жылдамдықты азайту немесе көлік құралын тоқтату шараларын қабылдауларын ескертеміз. Ең бастысы, барлық жол жүрісіне қатысушылардың қауіпсіздігі мен өміріне қауіп төндірмей, жолда жүру мәдениетін сақтап, жол қозғалысы ережелерін ұстану қажеттігін айтқымыз келеді.