ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД БАСТЫҒЫ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің забарлауынша халықпен өзара іс-қимыл жасасуды және полиция қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Қайрат Мұхитов пен Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Қалижан Қобландин «Достық үйі» ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Қабылдау барысында қала тұрғындарының өздерін мазалаған мәселелері бойынша сауалдары және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өңірдегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатындағы ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Қызылорда ОІІД бастығы Қайрат Мұхитов қабылдауына келген 8 азаматтың әрқайсысының толғандырған мәселелерін тыңдап, заң шеңберінде жауаптар берді. Әр сауалды назарға алып, тиісті жұмыстар жүргізу үшін сала басшыларына тапсырмалар берді. Ал 2 сауал бойынша тергеп-тексеру шараларын жүргізу үшін азаматтардан арыздар қабылданды. Бір қала тұрғынының қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы ұсынысы департамент басшылығының назарына алынды.
Департамент бастығы полиция қызметі – халықтың сенімі арқылы өлшенетінін айта келіп, түйткілді мәселелерді шешу бағытында жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде бейжай қалмай, өзінің азаматтық ұстанымын, ұсыныс-пікірін білдірген азаматтарға алғысын білдірді.