ҚЫЗЫЛОРДА МЕН ӨЗГЕ ОБЛЫСТАР АРАСЫНДА ЖАҢАДАН ӘУЕ БАҒЫТТАРЫ АШЫЛДЫ
Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – маңызды басымдықтардың бірі.
Елбасы Жолдауында көрсетілген көлік және транзит әлеуетін толық ашу тапсырмасына сәйкес Қызылорда мен өзге облыстар арасында жаңадан әуе бағыттары ашылды. Өткен жылы 197 мыңнан астам жолаушы тасымалдаған «Қорқыт ата» әуежайы енді бұл көрсеткішті еселеп арттыруды жоспарлап отыр деп жазды http://24.kz.
Бұған дейін қызылордалықтар тек Алматы, Астана және Қарағандымен ғана әуе байланысын орнатқан еді. Ағымдағы жылдың ақпанынан бері Атырау мен Ақтауға жаңа екі бағыт ашылды. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауды 4 есеге арттыру міндетін орындау негізінде енді халықаралық әуе қатынасы қалыптасады.
- Үстіміздегі 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Қызылордадан Мәскеу қаласына аптасына 4 рет ұшатын рейс ашылады деп күтіп отырмыз. Ұшу-қону жолақтары жаңғыртылған Сырдың бас қақпасы бүгінде кез келген әуе кемесін қабылдай алатын дәрежеде. Ендігі кезек – жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту. Жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету мақсатында Қызылордада жаңа халықаралық терминал салу жоспарланып отыр. Жалпы аумағы 9200 шаршы метр болатын жаңа кешен сағатына 250 жолаушы өткізе алады. Жобаның құны 7 жарым миллиард теңге шамасында болмақ, «Қорқыт ата» әуежайы АҚ вице-президенті Нұрғали Зұлытбеков.
- Жобаны іске асыру мемлекет пен жекеменшік әріптестік тетігі арқылы іске асатын болып айқындалып отыр. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайын. Концепциясы жасалып, оған салалық қорытындылар алынды, дейді облыстық автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев.
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Сыр өңірінің транзиттік әлеуеті жыл санап артып келеді. Мәселен, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі арқылы 96 млн тонна жүк тасымалданған. Ал теміржол бойындағы тауар айналымы 19 млн тонна шамасында. Елбасы Жолдауынан туындаған транзиттік тасымалдаудан түсетін табысты 5 жарым есеге артыру үшін өңірдің барлық мүмкіндіктері іске қосылады.