«ҚАЗАҚТЕЛЕКОМНЫҢ» 16 ӨҢІРДЕГІ БӨЛІМШЕЛЕРІ БЕЙНЕБАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
ҚазАқпарат. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Павел Казанцев «Қазақтелеком» АҚ-ның еңбек ұжымымен видеобайланыс форматында кездесу өткізді.
Мәжілісменмен бейнебайланысқа аталмыш ұйымның барлық 16 аймақтағы бөлімшелері қосылды, оны 500-ден астам адам тамашалады. Іс-шара барысында Павел Казанцев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдаудың басымдықты бағыттарын түсіндірді.
«Әдеттегідей, Елбасының ел халқына Жолдауы өршіл, нақты және қазірдің өзінде экономикасы берік құрылған, негізі салынған болашақ экономиканың нақты басымдықтары бойынша жетістігіне бағытталған. Сонымен қатар, қазақстандықтардың өмірінің әлеуметтік сұрақтары негізгі басымдық болып қалады», - деді ол. Оның айтуынша, кездесулер барысында түсетін ұсынымдар, ұсыныстар мен ескертулер Парламент Мәжілісіне және партияның Орталық аппаратына дәл сол күні жолданып отырады. Бейнебайланыс аясында қатысушылар сондай-ақ, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша конституциялық реформалардың жобасын талқылады. Депутат отырысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Бұған дейін мәжілісмен, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Павел Казанцев өңірлер бойынша жұмыс сапары барысында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде, Астана қалалық Кәсіподақтар үйінде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, «Бәйтерек» ұлттық бас қарушы холдингі» АҚ-да, «Астана-Зеленстрой» АҚ-да және басқа да ұйымдарда болып қайтты.