ҚАЛА ӘКІМІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ
13 ақпан күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Қызылорда қаласы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың халық алдындағы дәстүрлі есепті кездесуі өтті.
Нұрлыбек Нәлібаев кәсіпкерлікті дамыту мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы, әлеуметтік маңызы бар нысандар мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік салаларды қолдау бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Соңғы 4 жылда облыс орталығының бюджеті 2 есеге артып, 8 млрд. теңгеден 16 млрд. 618 млн. теңгеге ұлғайды. Өнеркәсіп кәсіпорындары өткен жылы 480 млрд. 53 млн. теңгенің өнімдерін өндірді. Негізгі капиталға салынған қаржы көлемі 146 млрд. теңгені құрап, облысқа салынған барлық инвестицияның 67,9 пайызын құрады. соңғы 4 жылда қала бойынша 3 млрд. 61 млн. теңгеге, 121 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Облыстағы құрылыстың 80 пайызы Қызылорда қаласына тиесілі. Сонымен қатар 20 мыңға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде облыс орталығында 11 шағын аудан бой көтеріп, 7 мың тұрғын баспаналы болды.
Сондай-ақ Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, қаланы дамытуға байланысты ұсыныстарын тыңдады.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қала әкімдігінің атқарған жұмыстарына оң баға беріп, болашақта тұрақты және ұзақ мерзімді экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін көп жұмыстар атқарылуы тиіс екендігін атап өтті.