ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕРДЕ 13 ЖҮЛДЕ!
Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан төрт жас ерекшелігі бойынша өткен Қазақстан чемпионаттарында Қызылорда облысының №4 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары жақсы өнер көрсетті.
Нәтижесінде, алғашқы өткен жарыста 1998-99 ж.т. жастар арасында Азамат Құлдас 800 м қашықтыққа жүгіруден бірінші болып келсе, 400 м жүгіруден күміс жүлдеге ие болды. Руслан Мұратбай ядро итеруден топ жарса, Светлана Саунина 2000 м қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруден 1-орынды, 1500 м жүгіруден күміс жүлдеге қол жеткізді. 2002-03 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында Айя Ибраева ұзындыққа секіруден қола жүлдені еншіледі.
Екінші өткен ел чемпионатында 1995-97 ж.т. жастар арасында Назерке Өмірғалиева 200 м қашықтыққа жүгіруден жеңімпаз атанып, ҚР спорт шебері нормативін орындады. Сондай-ақ, ол 60 м жүгіруден екінші орынды иеленді. Руслан Мұратбай ядро итеруден 1-орынды жеңіп алса, Светлана Саунина 2000 м қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруден бірінші болып келді.
2000-01 ж.т. жасөспірімдер арасында Галина Панасенко 3000 м қашықтыққа және 2000 м кедергілер арқылы жүгіруден күміс жүлдені еншіледі. Қадыр Жалғас 400 м қашықтыққа жүгіруден 2-орынды алды.
Спортшыларды жарысқа Владимир Лептиков, Наталья Лептикова, Руслан Омаров және Айгүл Сарманқұлова дайындады.