ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАЖЕТ
Бүгін Өңірлік коммуникация орталығында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова мен облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаевтың қатысуымен брифинг өтті.
Брифингте басқарма басшылары Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын айқын міндеттерді кеңінен түсіндіріп берді.
- Мемлекет басшысы Жолдау барысында бес негізгі басымдықты ұсынды. Бүгінде әр басымдық бойынша өңірде жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл тарихи құжатта көрсетілген негізгі бағыттар облыс әкімінің 2017 жылғы арналған іс-қимыл жоспарына енгізілді. Оның басты бағыттары жұмысшылардың жаппай жұмыстан босатылуына жол бермеу, жаңа жұмыс орындарын құру және өзін өзі жұмыспен қамтығандарды формальдау, шағын бизнесті дамыту сияқты бұдан да басқа басымдықтар жүзеге асырылады, - дейді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова.
Жолдауға сәйкес жекешелендірудің жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету қажет. Осы орайда облыс әкімдігі жанынан заңды тұлғаларды және коммуналдық меншіктегі жылжымайтын объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрылған. Сондай-ақ, жекешелендіруге ұсынылған әрбір объектінің іске асыру мерзімдері бекітілген.
Олыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаевтың айтуынша бекітілген кестеге сәйкес, облыс бойынша 5 нысан өткен жылы жекешелендірілген. Олар: «Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» МКҚК, Арал қалалық шаруашылық жүргізу құқығындағы көпсалалы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Жаңақорған» шипажайы» ЖШС, «Қызылорда құс фабрикасы» ЖШС, «Жан-Арай Жем» ЖШС. Қалған нысандарды жекешелендіру жұмыстары 2018 жылға дейін аяқталуы тиіс.
Фариза ОМАРОВА