ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Соңғы 4 жылда қаламыздың жол құрылысын дамытуға 21 млрд. теңге қаржы тартылып, 400 шақырымнан астам жолдар орташа, күрделі және қайта жаңғыртудан өтті.
Оның ішінде, қаламыздың шет аймақтарынан 37 көше жөнделді.
1 млрд. 550 млн. теңгеге, ұзындығы 90 шақырымды құрайтын 39 көшеге жаяу жүргіншілер жолдары салынды. 1 млрд. 357 млн. теңгеге ұзындығы 144 шақырымдық 94 көшеге жарық бағаналары орнатылды.
Сонымен қатар, 72 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік жолдары мен автотұрақтары жөнделді.
2016 жылы 4 млрд. 167 млн. теңгеге ұзындығы 102 шақырым болатын, 174 көше жөнделді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 20 млн. теңге бөлініп, Ақсуат, Талсуат, Қызылжарма ауылдық округтерінде 7 көше жөнделді, Ақжарма, Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Қызылөзек ауылдық округтерінде 4 көше жарықтандырылды.
Облыстық бюджеттен бөлінген 2 млрд. 88 млн. теңгеге Сұлтан Бейбарыс көшесінен Әбілхайырхан көшесіне дейінгі аралықта, Сырдария өзенінің бойынан ұзындығы 7 шақырымды құрайтын «Тәуелсіздік» даңғылы ашылды.
Мұнда, барлық стандарттарға сәйкес жарық бағаналары, аялдамалар, 7 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы мен арнайы веложолақ қарастырылған.
Сыр елінің бас шаһары – Қызылорда қаласының даму жоспарына сәйкес, Сырдария өзенінің сол жағалауын дамыту мақсатында көлемі 1 мың 532 гектар аумаққа бүгінгі талаптарға сәйкес заманауи үлгідегі жаңа қала тұрғызу жобасы қолға алынды.
Сол жағалауды игерудің алғашқы қадамы, жалпы құны 6 млрд. теңгеге Сырдария өзенінің екі жағалауын байланыстыратын, автомобиль көпірінің құрылысы аяқталып, салтанатты түрде ашылды.