ҚЫЗЫЛОРДА ҚАРҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫ
Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысын дамытуға тартылған инвестиция көлемі 49 млрд. 378 млн. теңгені құрады.
Облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының 80 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.
- 2016 жылы 4 мың 126 пәтерді құрайтын 80 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілді. Сондай-ақ, 379 мың 563 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, алдыңғы кезеңімен салыстырғанда 32,6 пайызға артты. Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында 20 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды, дейді қала әкімі Н.Нәлібаев.
Осындай ауқымды жобалардың нәтижесінде, соңғы 4 жыл көлемінде Қызылорда қаласында жаңадан 11 шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңға жуық жерлестеріміз жаңа пәтерге ие болып отыр.