ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ШЕТ АЙМАҚТАРЫ ГАЗДАНДЫРЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту бағдарламасы аясында, соңғы 4 жылда қала бойынша 3 млрд. 61 млн. теңгеге, 121 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Бұл туралы қала әкімі Н.Нәлібаев халық алдында берген есебінде мәлімдеді.
Қала халқын көгілдір отынмен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар да кезең-кезеңімен жүзеге асуда.
2015 жылы, Тасбөгет кенті мен Қызылжарма ауылдық округінде газдандыру жұмыстарына 2 млрд 157 млн. теңге бөлініп, 4 мыңнан аса тұрғын үйлер, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар көгілдір отынмен қамтылды.
Былтырғы жылы Талсуат ауылдық округін газдандыру үшін облыстық бюджеттен 271 млн.теңге қаралып, ауылдық округ бойынша 500-ге жуық тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан табиғи газбен қамтылды.
Нәтижесінде қаланы газдандыру көрсеткіші 95 пайызды құрады.