ҚЫЗЫЛОРДАДА БӨТЕН БІРЕУДІҢ АВТОКӨЛІГІН АЙДАП КЕТКЕН 24 ЖАСТАҒЫ АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ
Жыл басынан бері Қызылорда облысы Ішкі істер департаментіне автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша қала тұрғындарынан 3 арыз келіп түскен.
Соңғы арыздардың бірі ағымдағы жылдың ақпан айының 5-нде түсті. Қала тұрғыны Қызылорда қаласындағы ойын-сауық орындарының алдында оталып тұрған автокөлігін белгісіз бір азамат айдап кеткендігін көрсетіп, ішкі істер бөліміне арызданады. Аталған автокөлік біраз уақыттан соң қала көшелерінің бірінде жарық бағанасына соғылған күйі табылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында ішкі істер басқармасына күдікті ретінде 1993 жылы туылған жергілікті тұрғын жеткізіліп, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Дәл осындай дерек қаңтар айында да тіркелген. Бірінде 31 жастағы қала тұрғынының үй алдында тұрған «Опель Вектра» маркалы автокөлігін, екіншісінде 43 жастағы жәбірленушінің Ауди-100 маркалы автокөлігін заңсыз иемденіп кеткен. Бірінші фактіде қылмыскер автокөліктің артқы есігінің ашық қалғанын пайдаланса, екіншісінде терезесін сындыру арқылы ашып, айдап кеткендігі анықталды.
Осыған сәйкес, қызылордалық полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарына автокөліктерін үй аулаларына, гараждарға, автотұрақтарда қалдырған кезде қырағылық танытуына кеңес береді. Сондай-ақ, автокөлікті қараусыз қалдырмауларын, қараңғы жерлерде ұзақ уақытқа тұраққа қоймауларын, құжаттар мен құнды заттарды автокөлік ішінде сақтамауларын ескертеді.
Көліктен аз уақытқа шықсаңыз да есіктері мен терезелерінің, жүксалғышының жабық екендігіне көз жеткізіп, кілтті тұтандыру тетігінде қалдырмауларын, мүмкіндігінше автокөлікті сақтандырып, айдап кетуге қарсы жүйені орнатуларын сұрайды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі