15 АҚПАНДА УНИВЕРСИАДА КӨРЕРМЕНДЕРІ АРАСЫНДА СЫЙЛЫҚТАР ҰТЫСҚА САЛЫНАДЫ
15 ақпан күні Универсиада билеттерімен үлкен ойын ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматыда 2017 жылғы 28-ші халықаралық қысқы Универсиада аясындағы жарыстар аяқталды. Алайда бұл шараның ең қызықты сәттері әлі алдыда. Себебі аталмыш спорт бәсекесінің билеттері бойынша ойын ұйымдастырылады. Оның көрсетілімі 15 ақпан күні YouTube арнасында өтеді»,-делінген Универсиаданың сайтында.
«Дүбірлі спорт бәсекесіне келушілер санының көптігіне байланысты Универсиада дирекциясы тек турникет арқылы ғана тіркелген билеттерді ғана емес, бүкіл сатылған билеттер бойынша ұтыс ұйымдастыруды қажет деп шешті»,-деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, осыған дейін дирекция өкілдері техникалық мәселелерге байланысты билеттер бойынша ұтыс ұйымдастыру шарасының кейінге шегерілгендігін хабарлаған болатын. Сыйлықтарды ойнату 2016 жылдың 20 желтоқсанында басталып, екі кезеңге бөлінді.
Бірінші кезеңде 2017 жылдың 11 қаңтарына дейін сатып алынған билеттер ойнатылды. Екінші кезеңде 2017 жылдың 8 ақпанына дейін сатып алынған барлық билеттер ойнатылады. Екінші кезең барысында суперсыйлық - Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер ойнатылады.
Сыйлық қоры толықтай Универсиада-2017 бәсекесінің демеушілері мен Алматы әкімдігі тарапынан ұсынылған.