ҚЫЗЫЛОРДАДА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
11 ақпанда Қызылордада «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда өткен жылдың қорытындысы шығарылып, 2017 жылдың жоспарлары белгіленді.
Жиынды аша отырып Қызылорда облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев бүгінде 13 ақпан күні өтетін Қызылорда қаласы әкімінің халық алдындағы есепті кездесуінен басқа барлық ауылдық округ, елді мекен, аудан әкімдерінің есебі өткенін айтты. Облыстық газеттерде 2016 жылғы аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жарияланды. 1 ақпаннан бастап облыс әкімінің орынбасарлары ең өзекті мәселелер бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізсе, 31 қаңтардан бастап басқармалар мен департаменттердің басшылары қоғамдық қабылдаулар өткізуде.
- 31 қаңтарда Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы жарияланды. Біздің мақсатымыз - облыстың барлық тұрғынын қамтитын кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу,- деді Қ.Көшербаев.
Партияның облыстық филиалының саяси кеңес мүшелері облыс әкімінің ағымдағы жылғы дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарына ұсыныстарын енгізді.