ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА ОЗЫҚ ШЫҚТЫ
Білімі күшті мыңды жығады Жуырда облыстық білім басқармасы мен "ДАРЫН" ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен "Жас ғалым" Халықаралық жоба конкурсына іріктеу өтті. №10 қазақ-түрік лицей-интернатында іріктеу кезеңіне облыстың әр аймағынан келген жас таланттар бақ сынады деп жазады syrboyi.kz.
Халықаралық конкурстың негізгі мақсаты, зияткерлік элита қалыптастырып, дарынды оқушыларға қолдау көрсету және жетістігін баршаға насихаттау. Сондай-ақ, оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар, ғылыми ізденіске қызығушылықтарын арттыру.
Ғылым мен мәдениеттің дамуында тәжірибелік мәні бар тапсырмалардың шешімін табуға бағытталған конкурс, Оңтүстік Кореяның жоғарғы оқу орындарымен шығармашылық байланыстарды дамытуға үлес қосуды алға қойған.
Конкурстың іріктеу кезеңіне 30-ға жуық жас өрен қатысты. Олардың ішінде жан-жақты білімдерімен көзге түскен Әбдінағи Жансая, Дәуленов Дінмұхамед, Құланбай Шолпан, Ақпан Дінмұхаммед қорытынды кезеңге жолдама алды.
Жолдамаға ие болған оқушылар кеше Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында «Жас ғалым» Халықаралық конкурсына қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Облыстың намысын асқақтатқан оқушылардың тілеуін тілеп, жетістікке жетуге сендіре білген жетекшілері Қарлығаш Ақышева, алдағы уақытта биік белестерді бағындарымыз деді.