ДЕПУТАТТАР САПАРЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Қызылорда өңіріндегі сапары барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абзал Ералиев, Майра Айсина, Мансұрхан Махамбетов, Асылбек Смағұлов және Наталья Жұмаділдаева Сырдария ауданы тұрғындарымен кездесіп, жергілікті халыққа Елбасының мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын жан-жақты насихаттап, ондағы көздеген мақсаттарды егжей-тегжейлі түсіндірді.
Аудандық мәдениет үйінде болған кездесуде Жолдауда айтылған үшінші жаңғырудың негізгі бес басымдығы тақырыпқа арқау болды. Халық қалаулылары өз кезегінде құнды құжаттағы экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге кеңінен тоқталды.
Мәжіліс депутаты, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев «Елбасы Жолдауы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталғандығын айтып, бұл - кәсіпкерлікті, елді-мекендерде интернет жүйесі мен сандық технологияны дамытуға жасалып отырған зор мүмкіндік және заман талабы» екенін назарға салды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған халық қалаулысы Наталья Жұмаділдаева IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту жолындағы жұмыстарды жандандыру, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесіне ден қойды.
Сондай - ақ бас қосу барысында Елбасы Үндеуінде айтылған билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу реформасы да түсіндірілді. «Бұл өз кезегінде министрлер Кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырып, тиісінше, биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауын күшейтеді», - деді депутаттар.
Кездесу барысында аудан ардагерлері мен тұрғындары тарапынан орынды сұрақтар жолданып, тиісінше жауаптар алынды. Осы ретте, депутаттар маңызды деген ұсыныстарды тиісті орындарға жеткізіп, талқылайтындықтарын жеткізді.
Кездесу соңында тұрғындар Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын негізгі бағыттарды халық арасында кеңінен насихаттап, жүктелген жауапкершілікті нақты жүзеге асыруда бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты.