МЕДИАЦИЯ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы баспасөз қызметінің хабарлауынша Достық үйінің мәжіліс залында медиация кабинетінің ұйымдастыруымен медиаторлар кеңесінің отырысы өтті.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы медиация орталығы мүшелерінің отырысын «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уалихан Ибраев жүргізді.
Отырыс аясында «Қоғамдық келісім» КММ сарапшы-медиаторы Нұрлан Тасыбаев өткен жылғы атқарылған жұмыстарға тоқталып, кеңес мүшелерімен бірлесе ағымдағы жылдың жоспарын талқыға салды. Сонымен бірге, Елбасының жариялаған Жолдауына орай ой-пікірлерін ортаға салды. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.
Айта кететіні, бүгінгі күні өңірде медиация қарқынды дамып келеді. Себебі, медиация тақырыбы барлық ортада ерекше өзекті. Даулы жағдайларда медиаторларды тарту жолымен баламалы түрде шешу біршама тиімді әдіс болып табылады. Сонымен қатар, өзара қақтығыс жағдайында медиаторлар көмегімен қарым-қатынасты сақтап қалуға болады. Жиын барысында медиация және медиатор туралы қарапайым халықтың біршама пайызы әлі де хабарсыз екендігі, алдағы уақытта медиатордың қызметіне жүгіндіру жолында көптеген түсіндірме және ақпараттандыру жұмыстарын күшейту керек екендігі айтылды.
Шараға қатысқан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы медиация орталығы және этномәдени бірлестік мүшелері медиация мәселелері мен медиаторлардың рөлі жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға сала отырып, нақты ұсыныстарын білдірді.