ҚЫЗЫЛОРДАДА «БИЗНЕС КЕҢЕСШІ» ЖОБАСЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасында «Бизнес-мектеп» компоненті бойынша «Бизнес кеңесші» жобасы биылғы жылғы алғашқы жұмысын бастады. Айта кету керек, Сыр өңірінде аталмыш жобаға қызығушылық танытатындардың қатары жыл өткен сайын артуда. Мәселен, биылғы жылдың өзінде 120 қызылордалық оқыту курсынан өтуге өтініш білдіріп отыр.
8-9 ақпанда Кәсіпкерлер палатасында алғашқы топ «Бизнес кеңесші» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша біліктіліктерін жетілдірді. Бизнес-тренер Жанат Сапаржанова: «Биылғы жылғы алғашқы курсымызда 27 адам біліктілігін көтерді. Қатысушылардың 90 пайызы кәсібін енді бастағалы жүрген жеке тұлғалар. Оқу екі күн жүрді. Екі күнде кәсіпкерлік негіздері туралы жалпы ақпарат бердім. Курс барысында қатысушылардың басым бөлігі бизнес-идеяны таңдауға, сонымен қатар кәсіпкерліктің заңдық аспектілеріне ерекше көңіл бөлді. Қызығушылықтары өте жоғары. Көңіл қуантатын жайт, оқыту семинарынан өтіп жатқан азаматтардың 60 пайызға жуығы «Бизнес-мектеп» компоненті бойынша әрі қарай «Бизнес-өсу» және «Жобалық оқыту» жобалары аясында да біліктіліктерін әрі қарай жетілдіруге сұранып отыр», - деді.
Айта кету керек, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы облыс тұрғындары үшін «БИЗНЕС-МЕКТЕП» компоненті бойынша оқу жүргізуді бастады. Оқу Қызылорда қаласындағы Қызмет көрсету орталығында және облыстың барлық аудандарында орналасқан Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында көрсетіледі.
«БИЗНЕС-КЕҢЕСШІ» жобасы – әрекет етуші және кәсіпті жаңадан бастаған кәсіпкерлерге сонымен қатар кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға қысқа мерзімді кәсіпкерлікті жүргізу негіздерін оқытуды қарастырған;
«БИЗНЕС-ӨСУ» жобасы – "Бизнес-кеңесші" жобасы бойынша курстардан өтуі жөніндегі сертификатын алған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға арналған, оның ішінде функционалдық бағыттар бойынша (кәсіпкерлердін таңдауы бойынша тізбеге сәйкес) қысқа мерзімді кәсіпкерлік қызметті жүргізу және дамыту оқытуды қарастырған;
«Тәлімгерлік қағидаларын қолданатын ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ» - "Бизнес-кеңесші" жобасы бойынша курстардан өтуі жөніндегі сертификатын алған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарды қайтарымсыз негізде, білім алушылармен оқу аяқталғаннан кейін бизнес-жоспарлар жасап, қорғауды қамтитын кәсіпкерлік қызметтің функционалдық бағыттарын жүргізу мен дамыту бойынша кәсіпкерлерді жобалық оқытуды көздейді.
ҚЫЗМЕТТЕР ТЕГІН КӨРСЕТІЛЕДІ.
Анықтама үшін телефон: 40-08-74, 40-02-02
Сall-Center – 597960

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі